Алматыдағы қонақүйде жәндіктерді улаудан кейін төрт бала ауруханаға түсті

Бұл ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті растады. “Химиялық заттан уланған төрт бала Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жатқызылды. Олар Орталық балалар ауруханасының токсикология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр”, – деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметі өкілдері. Балалардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.