Президент Жаңаөзендегі жағдайларға қатысты үкіметке тапсырма берді

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа да Жаңаөзен қаласын дамыту бойынша міндеттер жүктеді. “Жаңаөзен – мұнай-газ саласына ғана қарап отырған моноқала. Сол себепті, біз оны дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылдадық. Осы құжатты мейлінше жүзеге асыру керек. Үкімет те бұл жұмысқа жауапты болады”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы мұнай қоры таусылғанда аймақтағы ахуал тіпті күрделі болып кетуі мүмкін екенін айтып, жастардың басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасау керек екенін баса айтты. Ол жұмысты арнайы жоспар бойынша атқару қажет деді.