Тарифті өсіруден түскен қаржы тек коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға жұмсалуы керек

Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Сонымен қатар, жаңа қуат көздерін іске қосуға және жұмысшылардың жалақысын көтеруге бағытталуы қажет. Монополистердің міндеттері мұқият нақтыланып, толығымен орындалуға тиіс. Сондықтан Үкіметке қаржының жұмсалуын бақылайтын қатаң амал-тәсілдер енгізуді тапсырамын. Оған цифрлық бақылау жүйесін де енгізу керек. Жұрт коммуналдық қызмет үшін төлеген ақшасы қайда кетіп жатқанын көріп отыруға тиіс. Қазіргі заманғы ақпараттық технология бұған толық мүмкіндік береді”, – деді мемлекет басшысы.