«Кербұлақ және Панфилов аудандары арқылы өтетін республикалық тас жолды жөндеу кезек күттірмейтін міндет болып қала береді. Бұл өте маңызды сала. Сондықтан үкімет пен әкімдікке алдағы екі жылда кешенді қалпына келтіруді аяқтау тапсырылды. Бізге қаржы мәселесін шұғыл шешу керек. Елде жол-көлік оқиғалары, соның ішінде қаза тапқандар саны артып келеді. Біз бұған нүкте қоюымыз керек. Адам өліміне әкелген әрбір жол-көлік оқиғасы төтенше жағдай ретінде қарастырылуы қажет. Жол құрылысындағы жемқорлық пен арамдықты түбегейлі жою үшін жүйелі шаралар қабылданауы тиіс», – деді Тоқаев.