Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы неге екіге бөлінгенін түсіндірді

“Біз жергілікті басқару ісін жетілдіру үшін облысты екіге бөлдік. Бұл – мұқият ойланып жасалған қадам. Себебі, бұл, ең алдымен, тұрғындар үшін қолайлы. Қазір Жетісудың әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыруға бюджеттен қаржы бөлініп, қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл шешім аймаққа инвестиция тартуға, инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді. Біздің басты мақсатымыз да – осы”, – деді Мемлекет басшысы.