Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда қаңтар оқиғасына қатысты тергеу қорытындылары туралы айтады. “Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасы бойынша алдын-ала тергеу жұмыстарының қорытындыларын наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында жариялауды жоспарлап отыр”, – деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев халықтан ештеңені жасырып қалмайды. Барлық ақпарат жария етіледі. Қазір тиісті органдар ауқымды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Берік Уәли президент наурыз айының ортасында жасайтын жолдауында саяси реформалар бойынша өз бағдарламасын ұсынатынын еске салды.