Абылай Мырзахметов қызметінен өз еркімен кетті

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. “Бүгін мен жаңадан сайланған президиумның алдында өз өкілеттілігімді тоқтататынымды мәлімдеймін. 8 жылдың ішінде сіздермен бірге үлкен жолдан өттік. Соның нәтижесінде бизнес пен биліктің қарым-қатынасы, жалпы, пікір алмасу алаңы құрылды. Ашығын айтайық, барлық мәселені шешпеген шығармыз. Бизнес нақты нәтижені қалайды ғой, ал шенеуніктің көзқарасы, логикасы басқаша. Қазір де заңға қатысты сын-ескертпелер айтылып жатыр. Ол да біздің кемішілігіміз шығар. Оны мойындаймын. Дегенмен, палата құрылды”, – деді Мырзахметов. Бүгін съезд делегаттары “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасының қызметіне Райымбек Баталовты сайлады. Ол Тимур Құлыбаевтың орнына келді.