Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа телеграмма жолдады.
Путин Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық тіледі. “Сізге шын жүректен, осынау қиын сәтте қолдау білдіргім келеді. Сіздің ерекше өмірлік қуатыңыз және оптимизміңіз сізге қысқа мерзімде вирусты жеңуге көмектеседі деп сенемін. Шын жүректен толығымен сауығып кетуіңізді тілеймін”, – деп келтірді Путиннің сөзін Кремльдің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы 18 маусым күні белгілі болды.