Тағы антирекорд: 1 тәулікте 8 адам қайтыс болды, 1252 адам вирус жұқтырды

Өткен тәулікте Қазақстанда 1252 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде ауру белгілері бары – 474, симптомы жоғы – 778. Бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш.

Өткен тәулікте коронавирустан 237 адам жазылып, 8 адам қайтыс болды. Билік вирус жұқтырғандардың жалпы саны 16 351 деп отыр. Оған ауру симптомы жоқ адамдар кірмеген.

“Ауырғандар” мен “тасымалдаушыларды” қоса санағанда вирусты 23 960 адам жұқтырған.