Саран қаласы әкімдігі 10 қазанда қайғылы оқиға болған “Созвездие” қонақүйінде секіру ұйымдастыруға рұқсат бермеген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 33 жастағы үш баланың анасы Евгения Леонтьева 30 метрлік биіктен секіріп, қайтыс болды. “Бұл жерде секіру ұйымдастыруға тыйым салынған, ешқандай рұқсат берілмеген”, – деп хабарлады қала әкімдігі. “Аттракциондар қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға қойылатын қауіпсіздік талаптары” құжатына сәйкес аттракцион иесі немесе ұйымдастырушы жұмыс басталғанға дейін аттракционды пайдалану туралы рұқсат алу керек.