Елімізден астық шетелге шикізат күйі сатылып, диірмендер жабылуда

Астық нарығында диірменшілер мен егіншілер арпалысып жатыр. Алғашқылары бидай шетелге шикізат күйінде сатылып, өзімізде ұн өндірісі азайып кетті. Диірмендер жұмыссыз қалып жабылып жатыр. Оның үстіне шетелдіктерден сұраныс жоғары болған соң бидайдың бағасы көтеріліп қолжетімсіз боп барады. Бұл ұнның, кейін нанның қымбаттауына әкеледі деп санайды. Сондықтан бидай экспортына БАЖ салығын енгізуді ұсынып отыр.