Ресейде Instagram желісі бұғатталды

Ресейде «Инстаграм» бұғатталды. Ақпаратқа бақылау жасайтын мемлекеттік мекеме аталған әлеуметтік желінің ел аумағында таралуына шектеу қойды. Мұндай шешімді қабылдауға «Инстаграм» басшылығының ресейліктерге қатысты зорлық-зомбылық көріністеріне рұқсат беруі себеп болған. Кремль “Мета” америкалық корпорациясын экстремистік ұйым деп таныды. Естеріңізге сала кетейік, 4 наурызда Ресей билігі Facebook парақшасын бұғаттаған.