Кәрім Мәсімов 17 жылға сотталуы мүмкін

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің кінәсі дәлелденсе, ол 17 жылға дейін сотталуы мүмкін. Сот органдары істің бағасын береді. Бұл туралы еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов айтты. Қазір Кәрім Мәсімовпен қатар оның үш орынбасары қамауда отыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мемлекетке опасыздық жасау жағдайына қатысты 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы көзделген деді бас прокурор.