Ресейдің Усть-Илимск қаласында соғысқа шақырылған адам әскери комиссариат бастығын атып тастаған

Ресейдің Усть-Илимск қаласында әскери комиссариатта атыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, құқық бұзушы ғимараттың ішіне кіріп, “ешкім соғыспайды” деп военкоматтың бастығы Александр Елисеевке алты рет мылтықпен оқ атқан. Оқиға видеоға түсірілген. Атқыш ұсталды, ол 25 жастағы жергілікті тұрғын Руслан Зинин болып шықты. Зардап шеккен әскери комиссариат бастығы Александр Елисеев жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.