Ресейлік әйгілі актер Михаил Ефремов Мәскеудегі Смоленск алаңында болған апаттан кейін ұсталды. Сараптама оның қанында алкоголь бар екенін көрсетті.
Jeep Grand Cherokee көлігін басқарған Михаил Ефремов жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, фургонмен соқтығысып қалды, – деп хабарлайды РИА Новости.
Ефремовтің өзі жарақат алмаған. Ал Lada көлігінің жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Актерге жасалған сараптама қорытындысы оның қанында алкоголь бар екенін көрсеткен. Полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл бапта жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.