Алматыда ер адам қызы мен күйеу баласын өлтірді

Алматыда ер адам қызы мен күйеу баласын атып өлтірді. Үш адам көз жұмған оқиға Түрксіб ауданы Сейфуллин даңғылының бойындағы үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды Алматы қалсының полиция департаменті.

Алпыс тоғыз жастағы ер адам отбасылық жанжалдан кейін 33 жастағы күйеу баласы мен 41 жастағы қызын атып өлтірді. Содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсады. Алдын ала мәліметтер бойынша, қару өзіне қол салған ер адамның атына тіркелген.