Sportscasting порталы ресейлік теннисші Мария Шарапованы кортта допты ұру кезінде ыңырсып шыңғырудан чемпион деп таныды. Онымен бірге көш басында америкалық теннис жұлдызы Моника Селеш бар.
Екеуіде спорттағы мәнсабын аяқтаған. Ыңырсып шыңғыру әдеті теннисте сексенінші жылдары басталған. Бірақ дәл осы Шарапова мен Селеш бұл тактикалық және психологиялық әдісті жаңа деңгейге көтерді. Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын халықаралық теннис федерациясы теннисшілерге қатты шыңғыруға тыйым салмақшы да болған.