Республикалық автожолдарға «ZEREK-2» жүйелері орнатылып жатыр

Жыл басынан бері «Қызылорда – Павлодар» автожолында 12 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 16 адам қаза тапқан. Жол апатының басым бөлігіне жылдамдықты шектен тыс асыру себеп. Қазір республикалық автожолдарға «ZEREK-2» жүйелері орнатылып жатыр. Ол көліктің жылдамдығынан бөлек, мемлекеттік тіркеу нөмірін де таниды. Павлодардан Ақмола облысының шекарасына дейін үш камера орнатылды. Республикалық маңызы бар тасжолда сағатына 140 шақырымдық шектеу қойылған. Нәтижесі жаман емес. Он күн ішінде жол ережесін бұзудың 1,5 мыңнан астам дерегі тіркелді.