Мұндай шешімді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қабылдады. Аймақ басшысының айтуынша, Риддердегі жылу электр орталығының жұмысында үлкен кемшіліктер бар. “Жаңа RNGK компаниясының иесі қаңтардан бастап ешқандай жұмыс жүргізбеді. Өткен кезеңде үш миллиард теңгеден астам берешек қалыптасты, мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде олқылықтар болды. Қараша айынан бастап шұғыл жөндеу және қалпына келтіру жүргізген компанияларға еңбекақыны кешіктірген”, – деді Даниал Ахметов.