Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шымкенттегі олимпиадада болған мәселеге пікір білдірді

Еске сала кетейік, шаһарда олипиададан кейін оқушылардың дене қызуы көтеріліп, асқазан-ішек жолдарының жұмысының бұзылу белгілері пайда болған. Осы жағдайға байланысты Шымкентте 3-8 сәуір аралығына жоспарланған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиаданың өткізу форматы өзгертіледі. Енді Олимпиада өңірлерде өткізіледі. “Қазір жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды. Бұл жағдай Оқу-ағарту министрінің жеке бақылауында. қазір балалардың жағдайлары қалыпты, тиіс емдерін қабылдауда. оқушыларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр”, – деді оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова. Айта кетейік, балалардың тамақтану орны қалалық мектеп-гимназия асханасына ауыстырылды.