Рудныйда балалар үйінің қызметкері сол мекеменің тәрбиеленушісін зорлады деген күдікке ілінді.

Бұл туралы “НеМолчиKZ” қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смайылова өзінің Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. балалар үйінің қызметкері жасөспірім қызды екі жыл бойы зорлағаны, жасөспірім тек екі жылдан кейін ғана оның ДНҚ-сын алып, зорлау фактісін дәлелдей алғаны туралы ақпарат келіп түсті”, – дейді ол. Қоғам белсендісі дәл сол қызметкерден зәбір көрген басқа да қыз бар екенін айтты. “Ол қызметкер жазаланбауы мүмкін деп қорқып отыр, сондықтан да жауап алуға барғысы келмейді”, – дейді Смайылова. Қостанай облысы полиция департаменті аталмыш факті бойынша қылмыстық кодекстің “Зорлау” бабы бойынша іс қозғалғанын және күдікті ретінде 43 жастағы азамат қамауға алынғанын, тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған.