Ақмола облысында белгісіз біреу ұлттық саябаққа өрт қойды

Өртті сөндіру үшін тікұшақ пайдаланылды. Тілсіз жауды 150-ден астам адам сөндірді, оның ішінде өрт сөндірушілер мен орман мекемелерінің қызметкерлері бар. Айта кетейік, Көкшетау ұлттық саябағы Зеренді филиалының Грибновское орман шаруашылығы аумағында 25 тамызда өрт шықты. Оқиға орнында Зеренді аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істейді.