Балақай жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Өміріне қауіп жоқ, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Дүйсенбіде Степанның қолына, кеуде және арқа бөлігіне пластикалық ота жасалды”, – дейді Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева. Бұл іске Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша ресми өкілі Арайлым Аманқұлова да қосылған. Ол зардап шеккен балаға көмек көрсету жұмысын үйлестіретінін айтты. Еске салайық, бұған дейін 44 жастағы ер адам көршісімен араздасып қалып, оған керосин шашып, өртеп жіберген. Осы кезде әйелдің қасында баласы болған. Дерек бойынша полицейлер “Адам өлтіруге оқталу” бабы бойынша соталды тергеу амалдарын бастады. Күдікті қамауға алынған.