Талғар қаласының әкімі Қайрат Исабаев қызметінен кетті

Әлеуметтік желілерде осындай ақпарат пайда болды. Талғар ауданы әкімдігі Қайрат Исабаев халық дауысы арқылы сайланғандықтан, деректі растау немесе жоққа шығару үшін жергілікті сайлау комиссиясына хабарласуды сұрады. Осы ретте сайлау комиссиясының төрағасы Мұхит Дүйсебаев бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. “5 сәуірде Қайрат Исабаев өз өтініші бойынша қызметінен кету туралы арыз жазды. Ол денсаулық жағдайына сілтеме жасап отыр. Оның өкілетін тоқтату туралы шешім бүгін, 6 сәуірде шығады”, – деді Дүйсебаев Talgarnewskz тілшісіне. Еске салайық, былтыр қарашада өткен қала әкімін сайлауда Қайрат Исабаев жеңіске жеткен болатын. Әкім лауазымына барлығы үш адам үміткер болған еді.