Студенттердің улану дерегі бойынша прокуратураның қадағалауымен тексеру жүргізілді. Тергеу барысында колледжде асхананы жалға алған “S-Salta” ЖШС басшысы санитарлық талаптарды бұзып, жаппай улануға себеп болған. Сондай-ақ полицейлер әйелдің медициналық тексеруден өту туралы жалған құжаттарды, медициналық кітапшаларды пайдаланғанын анықтады. Рудный прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жіберді. Сот үкімімен әйел жалған құжат пайдаланғаны және санитарлық ережелерді бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол үш жыл мерзімге белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынуымен қатар екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, Рудный тау-кен технологиялық колледжінің асханасында студенттер жаппай уланған болатын.