Азаматтық қорғау прапорщигі 45 жастағы Бекжан Балданов Тайынша қаласындағы аудандық аурухананың реанимация бөліміне түскен. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Өлімге жіті миокард инфарктісі себеп болған. «Төтенше жағдайлар министрлігі, Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі командирдің мезгілсіз көз жұмуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтады», – делінген хабарламада. Марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді.