Атырау облысы Жылыой ауданында су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланды

Бұл туралы Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова хабарлады. «Қазір Қосшағыл ауылдық округінің Қарағай ауылын су шайып өтті. Сондықтан ТЖМ штабы ауыл тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы шешім қабылдады. Бірінші кезекте I, II, III топтағы мүгедектер, балалар, науқастар мен әйелдер эвакуацияланады”, – деді ауданы әкімінің орынбасары.