Солтүстік қазақстан облысында ауа райы күрт бұзылды. Осыған байланылсты Ақмола және Қостанай облыстарымен шектесетін Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Тимирязев және Шал Ақын аудандарында барлық көлік қозғалысына шектеу қойылды. Мұнымен қоса Жезқазған – Петропавл республикалық маңызы бар трассасы жабылды. Қазір бұл аймақта сегіз арнайы техника қар аршу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандардың мәліметше ақ түтек бораннан көру қашықтығы нашарлаған.