Қала әкімінің мәлімдеуінше, коронавирусқа қарсы вакцинаның 21 мыңнан аса дозасы келгенін хабарлады. Сәуірде 250 вакцинация орнын ашу жоспарланып отыр. “Біз вакцинация бойынша жұмысты наурызда бастадық. Алғашқыда дәрігерлер, педагогтер мен полиция қызметкерлеріне екпе салынды. Қаламызда 34 мың педагог – мектеп мұғалімдері, балабақша қызметкерлері және колледж оқытушылары бар. Бірақ бұл ерікті түрде жүргізілді. Қазір қалада емханаларда 55 орын жұмыс істейді. Алғашқы күндері 2-3 мың адамнан өткіземіз деп болжап отырмыз”, – деді Сағынтаев.