Бағдат Мусин вакцина салдырды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі екпе алғаны туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Еске салсақ, еліміз бойынша вакцина салдыру науқаны 1 ақпанда басталды. Вакцина ретінде ресейлік коронавирусқа қарсы «Спутник V» қолданылды. Екпені дәрігерлер, мұғалімдер және тәртіп сақшылары алып жатыр.