Сағынтаев: «Алтын Орда» базары маңындағы жол айырықтың құрылысы бәрімізді шаршатты

Алматы әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде қала тұрғындарының бірі одан Алтын Орда базарының жолы қашан аяқталатынын сұрады. Бақытжан Сағынтаев бұл жол Алматы облысының жері екенін, Алматы қаласына қарамайтынын айтты. Мен де сол жолдың шешілуін күтіп жүрмін. Оның жұмысы министрліктің құзыретінде. Министрлік мердігер компанияны таңдаған, ақшасы жеткілікті. Бірақ мердігердің күші жетпей ме, басқасы ма, берген ақшаны игермей әлі келе жатыр. Өткенде премьер-министр мырза келгенде осы мәселені тағы көтердік. Алматылықтар үшін қалаға кіріп-шығу қиынға соғып отыр. Министрліктегілер жыл соңына дейін бітіреміз деп отыр,- деді.