«ОLIMP KZ» есепшісі ұсталды

Елена Антонцева Черногориядан экстрадицияланды. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Халықаралық іздеуде болған букмекерлік кеңсенің бухгалтері ұйымдасқан топтың құрамында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіріп, ойын бизнесі саласында заңсыз қызметті жүзеге асырды деген күдікке ілікті. Е.Антонцева қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. «Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта ол Алматы қаласының тергеу изоляторында», – деді ведомстводағылар.