Саяхаттауға болатын қауіпсіз елдердің тізімі шықты. Independent басылымының рейтингіне сәйкес, Вьетнам – саяхатқа арналған ең қауіпсіз мемлекет. Вьетнамда індеттің бүкіл кезеңінде 342 коронавирус жұқтыру дерегі расталғанымен бірде-бір өлім тіркелмеген. Бұл биліктің жедел әрекет етіп, коронавирустан сақтану шараларын қатаң ұстанғанының арқасында мүмкін болған деп жазды KAZ.NUR.KZ.
Қауіпсіз мемлекеттер арасында екінші орында Греция тұр. Бұл – індеттің таралуын лезде тоқтата алған мемлекет. “Салоникада аурудың алғашқы жағдайы тіркелгеннен кейін бір күн өткен соң, үкімет жыл сайынғы карнавалды кейінге шегерді.
Мектептер, барлар, кафелер мен мұражайлар жабылып, міндетті әлеуметтік қашықтық енгізілді” делінген материалда. Бұдан бөлек, рейтинг тізімінен Гонконгты да көруге болады. Мемлекет билігі елде маска тағу ережесі енгізіп, Қытай мен Исландияға жолдарды жапқан. Қауіпсіз елдердің тізіміне Жаңа Зеландия мен Тринидад және Тобаго аралдары кірді.