Тимур Құлыбаевтың анасы қайтыс болды

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың анасы Раиса Алдабергенқызы өмірден озды. Бұл туралы Оlympic.kz хабарлайды.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа қайғырып көңіл айтты. ”Өмірдегі ең асыл адам – аяулы ананы жоғалту ешкімге де оңай соқпайды.

Осындай қиын сәтте Сіздің қайғыңызға ортақтасып, қолдау көрсеткіміз келеді. Анаңыз жайлы жарқын естеліктер мен онымен бірге өткізген сәттеріңіз әрқашан жүрек төрінде болары анық. Олимпиадалық отбасы Сіздің жанұяңыздағы ауыр қазаға ортақтасады” делінген хабарламада.