Саясат Нұрбек Кипрде оқитын балалары туралы сұраққа жауап беруден бас тартты

Фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балалары Кипрден елге оралды ма деген сұраққа жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін ол Кипрда оқитын балалары 26 маусымда Қазақстанға қарапайым мектепке оралатынын мәлімдеген. Шенеунік, тіпті, журналистерге фотомен есеп беруге уәде еткен еді. Бүгін БАҚ өкілдері үкімет кулуарында Саясат Нұрбектен балаларының елге оралды ма деп сұрады. Алайда министр жауап беруден бас тартты. “Бұл менің жеке өміріме қатысты сұрақ және өкінішке қарай, балаларыма да оңай тиген жоқ”, – деп қысқа қайырды Нұрбек. Осыдан кейін журналистер одан “Қазақстанның білім сапасына сенесіз бе?” деп сұрады. Саясат Нұрбек “иә” деп жауап берді. Бірақ “Ендеше, неге балаларыңыз шетелде оқиды?” деген сұраққа министр жауап бермеді.