“Қоғамда белсенді талқыланып жатқан реформаларды қорда жүзеге асырудың бірегей мүмкіндігі пайда болды. Біз реформалау бағдарламасы жобасына сындарлы ұсыныстарын бөлісуге дайын барлық адаммен диалог жүргіземіз”, – деп жазды Алмасадам Сәтқалиев. Оның айтуынша, жақын арада бұл жоспарлар ашық дереккөздерде және корпоративтік сайтта жарияланады. Ол компания барлық сұраққа жауап беруге дайын екенін жеткізді. Айта кетейік, бұған дейін елордада кәсіпкерлермен кездесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев “Самұрық-Қазына” қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев қорды реформалау міндетін орындай алмаса, орнынан кетеді деген еді.