Алматыда тәртіпсіздік кезінде ұсталғандарды іздестіру үшін call-орталық іске қосылды

Сенім телефонының нөмірі: 290-19-01. «Сall-орталыққа хабарласып тергеу изоляторларындағы адамдар мен басқа да мәселелер бойынша ақпарат алуға болады. Адвокаттар да осы call-орталықтарға жүгіне алады. Азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатқанына сендіргім келеді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.