Санитарлық дәрігерлер кәсіпкерлерді тексерер алдында алдын-ала ескерту керек. Осындай жаңа ереже енгізілді. Олар рейд нәтижелерін әкімдік сайттарында жариялауға міндеттеледі деп хабарлайды КТК телеарнасы. Одан бөлек, заң бұзушылықтар туралы хаттамаға фото және видео дәлелдемелерді қосу қажет. Мониторинг топтарында арнайы сертификаттары болуы шарт. Мұндай ұсыныстарды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жасады. Арнайы комиссия кәсіпкерлерді тек бес пункт бойынша тексере алады. Мониторингтік топтың кәсіпкерлерді жазалауға құқығы жоқ. Мұндай өкілеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарында ғана бар. Аталған жаңа ережелер Түркістан облысында күшіне енді. Ал басқа аймақтарда оны енгізу жоспарланып отыр.