Сауд Арабиясы: Биыл шетел азаматтары үшін қажылық болмайды

Сауд Арабия қажылық және умра министрлігі шілденің соңында болатын биылғы қажылыққа “тек санаулы” шетел мұсылмандары қатыса алады деді.

“Бұл шешім қажылықтың қоғамдық денсаулықты сақтау тұрғысынан қауіпсіз өтуі үшін жасалды.

Адамзатты пандемияға байланысты қатерден қорғауға қажетті және адамзаттың өмірін сақтап қалу жөніндегі Ислам іліміне сәйкес барлық алдын алу шаралары мен қашықтықты ұстану хаттамалары жүзеге асырылады” делінген министрлік мәлімдемесінде.