Тоқаев полицейлерді құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі”, – деп жазды президент Твиттер парақшасында. Сонымен қатар, президент құқық қорғаушылар коронавируспен күресте де ерен еңбек атқарып келе жатқанын атап өтті.

“Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін!”, – деді мемлекет басшысы.