Сауда және интеграция министрлігі қанттың тапшылығы туралы түрлі ақпаратқа түсініктеме берді. “Дүрбелең сұраныстың артуына және базарда алыпсатарлық фактісінің туындауына алып келді. Сауда және интеграция министрлігі мен ауыл шаруашылығы министрлігі ажиотажға ерік бермеуге шақырады. Азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылады”, – делінген хабарламада. АШМ дерегі бойынша жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар.