Экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалды ұсталды

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 13 наурызда “Қазақтелеком” АҚ қомақты қаржысын жымқырды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен Қайрат Сатыбалдының ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады. “Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін өзге де қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр” де жазылған агенттік хабарламасында. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі 51 жастағы Қайрат Сатыбалдыұлы, Alatau Capital Invest арқылы “Қазақтелекомда” үлесі бар. Forbes журналы 2018 жылы оны Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына жатқызған. Журнал сол жылы оның байлығын 163 млн долларға бағалаған.