Сбербанк Қазақстан атауы “Береке банк” деп өзгереді

“Сбербанк Қазақстанның” атауы “Береке банк” болып өзгереді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев айтты. “Ребрендинг міндетті түрде болады. 1 қыркүйекте меншік құқығын беру транзакциясын жаптық. Жаңа банк “Береке банк” деп аталады. Қазақша жақсы сөз, мұны барлығымыз бір-бірімізге тілейміз. Сондықтан бұл банк бұған дейін жұмыс істеген құндылықтар мен ұмытылысты көрсетеді деп ойлаймын және әрі қарай да солай жұмыс істейді деп үміттенеміз”, – деді Шарлапаев.