Қаладағы үш қазандық бойынша 67 млн теңге шығын анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің араласуы нәтижесінде 1,3 мыңнан астам жылумен қамтылуға тиіс абоненттің құқығы қорғалды. 1934 жылы пайдалануға беріліп, тозығы жеткен қалалық жылу орталығын жөндеуге бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Қыс мезгілінде Семейдің жылу желілерінде апаттар жиі болып тұрады. “Заңсыз иемдену немесе жымқыру, яғни басқа біреудің мүлкін ұрлау деген күдік бойынша мердігер компанияның директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс шеңберінде жылумен жабдықтаудың 14 объектісін тексеру басталды. Оларға аталған компания 1,2 млрд теңгеге жөндеу жүргізген”,- деді агенттіктің баспасөз қызметі.