Ақтөбе тергеушілері балабақшадағы балалардың соққыға жығылғаны туралы ақпаратты тексере бастады

Ата-аналардың айтуынша, кіші топтың бірнеше баласы балабақшадан денесі көгеріп қайтқан. Тіпті ас үйде бірнеше сағатқа балаларды қамап отырған. Құқық қорғау органдары ата-аналардың шағымын қарап жатыр. Полиция “Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Білім басқармасы балабақша тексерілетінін хабарлады: оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды.