Самокаттарды пайдалануда жаңа тәртіп енгізіледі. Бүгін сенатта осындай заң қабылданды. Енді 18-жасқа толмаған, жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға шағын электр көлігін жүргізуіне тыйым салынады. «Электрондық самокат» ұғымы енгізіледі, ол ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы деп танылады. Ал олардың қозғалысы үшін тиісті орындар айқындалады. Бұдан бөлек көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші құжатын және номерлік белгілерін дайындауға мемлекеттік монополия енгізіледі.