Екібастұзда жаяу жүргіншілер өткелінде үш жасөспірімді көлік қағып кетті

Екібастұзда жаяу жүргіншілер өткелінде үш жасөспірімді көлік қағып кетті. Кәмелетке толмағандар жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Екібастұз қалалық ПБ мәліметінше, жол апаты кешкі уақытта Энергетиков пен Мәметов көшелері қиылысында болған. “Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, кәмелетке толмаған үш баланы қағып кетті. Оқиға салдарынан 13, 15, 16 жастағы жасөспірімдер Екібастұз қаласының орталық қалалық ауруханасына жатқызылды”, – деді облыстық жол полициясы қызметінің баспасөз қызметі өкілдері. Кәмелетке толмаған үш жасөспірімнің жағдайы ауыр.