ШҚО-да 42 жастағы турист қар көшкінінен қаза тапты

10 ақпанда Өскеменнен келген алты саяхатшы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген. Кенеттен таудан көшкін жүріп, демалушылардың бірін қар басып қалды. Қайғылы оқиға туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. “Дереу көмекке Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы кинологиялық есеппен бірге Еврокоптер-145 тікұшағымен шықты, құрамында 5 адам бар. Екінші топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен шықты, оған қоса Риддер қаласынан құтқарушылар мен 4 волонтер қар көлігімен қосымша жұмылдырылды”, – деді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.