Ақтөбеде әріптесін өлтірген мұғалімге сот үкімі шықты

Ақтөбеде әріптесін мерт қылған 43 жастағы ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Мұғалімге қатысты үкім Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды. Сотталушы сотта өз кінәсін толық мойындаған. “Сотталушының кінәсі оның кiнәсiн мойындап келу туралы арызымен, өзінің және куәлардың жауаптарымен, тергеу хаттамаларымен және сараптама қорытындыларымен толық дәлелін тапты. Сот үкімімен “Ж” ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді”, – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Жаза тағайындау кезінде, сотталушының кінәсін мойындағаны, өкінгені, жәбірленушінің кешірім бергені және кәмелетке толмаған балалары болғаны ескерілген.