Өскеменде қарлы боран соғып, оқушылар мектепке бармайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Таңғы аусымда төртінші сыныпқа дейін, екінші аусымда, тоғызыншы сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқиды. Ұйтқыған боранмен бірге көктайғақ болып, көлік қозғалысы да қиындады. Өңірде дауылды ескерту жарияланып, құтқарушылар күшейтілген режимде, жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ тұрғындарға сақ болуды ескертеді.